Коррупция деңгейіндегі өзгерісті алдын ала болжап білу мүмкін бе? Бұл жақсылыққа бастайтын өзгерістер бола ма, әлде бейтарап немесе кері тартатын өзгеріс пе?
Жемқорлық трендтерін талдаудан өткізуге мүмкіндік беретін бұл бірегей құралдың атауы – коррупция қатеріне болжам. Қоғамдық адалдық индексі мен Т-Индекс секілді бұл да жемқорлықты өлшейтін индекстердің жаңа буынына жатады.
Коррупция қатерінің болжамын жасайтын және жүргізетін – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік құрылыс жөніндегі еуропалық зерттеу орталығы (ERCAS). Еуропаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік құрылысты зерттеу орталығының негізі 2012 жылы Берлиндегі Hertie мектебінде қаланған. Ол ұлттық құрылыс пен сыбайлас жемқорлықты мемлекет пен қоғам тұрғысынан зерттейді, ресми және бейресми институттар арасындағы өзара әрекеттестікке, басқару режимдері мен қоғамдық парасатқа баса назар аударады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болжамы антикоррупцияның жаңа буынының объективті көрсеткіштері негізінде жасалады. Бұл ел деңгейіндегі үрдістерді болжауға мүмкіндік береді. Ал инвесторлар мен бизнес-стратегтерге болашақ сыбайлас жемқорлық қатерін түсінуге, сондай-ақ белсенділер мен халықаралық донорлардың азаматтық қоғамы жемқорлыққа қарсы реформалардың сәтті орындалуына барынша әсер етуі мүмкін елдерді ерекше назарға алуына жағдай жасайды. Рейтингте бас-аяғы 120 елге баға беріледі.
Болжам 12 жылғы коррупциямен күрес туралы деректерге негізделген, онда мынадай 5 компонент бар:
әкімшілік ашықтық,
бюджет ашықтығы,
сот жүйесінің тәуелсіздігі
бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі
Е-азаматтық
Одан бөлек, болжамда қате кетпес үшін мәліметтер саяси және қоғамдық трендтермен салыстырылады, нақты емес тұстары алынып тасталады, содан кейін елдер жемқорлық қатерінің қалай өзгеріп жатқанына қарай былай сараланады:
төмендеп жатыр
көтеріліп жатыр
өзгеріссіз
Төмендеу үрдісі белгілі бір алаңдаушылық туғызуы тиіс, бұл мемлекеттік басқару сапасының төмендегенін, қоғам тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді реформалар мен саяси өзгерістерге сұраныстың жоқтығын білдіреді.
Қазақстанның бұл рейтингтегі позициясы қандай? Қазақстан аталған рейтингте көтерілмей не төмендемей бір орында қозғалыссыз тұр, мұны 12 жыл бойы (2008 жылдан 2020 жылға дейін) жаңағы аталған компонеттер бойынша айтарлықтай прогресс жоқтығынан деп түсінуге болады, оның ішінде тек е-азаматтық бойынша өзгерістер бар – азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін электронды сервис және онлайн қызметтер арқылы жүзеге асыруға мүмкіндігі пайда болды. Төмендегі кестеден көріп отырғаныңыздай, бір компонент нашарлауға бейім, бұл – сөз және баспасөз бостандығы.
Қазақстанның 2022 жылғы Коррупция тәуекелдерінің болжамы индексіндегі орны