Қаңтардың соңында Transparency International ұйымының 2023 жылғы жаңа Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі жарияланды. Мұнда қандай өзгерістер бар және Қазақстан биыл бұл рейтингте қай орынға жайғасқан?
Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі біздің еліміз үшін басқа рейтингтермен қатар коррупцияға қарсы реформалардың қаншалықты табысты жүзеге асып жатқанын көрсететін маңызды индикатор болып қала береді. Соңғы екі жылда Қазақстан осы рейтингте біршама көтерілді, осылайша сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі көрсеткіштерін жақсартты, бірақ бұл елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді және коррупция бақылауда деп айтуға жеткіліксіз.
Төмендегі кестеден көріп отырғаныңыздай, Қазақстан 2012 жылы 28 балл алып, мемлекеттер рейтингінің шынымен де соңында тұрған кезден бері индексте өз позициясын біршама жақсартқан, алайда соңғы он жылға созылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың бұл индексте айтарлықтай нәтиже көрсетпегенін түсінуге болады.
Қазақстанның Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі рейтингінің 2012-2021 жылдар аралығында өзгеруі
2021 жылғы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстанның көрсеткіші тіпті 1 баллға – 2020 жылғы 38 баллдан 37 баллға дейін төмендеді, бұл 180 мемлекеттің ішінен 102-орында тұрғанымызды білдіреді. Құлдырау 2022 жылы да жалғасты, қазір еліміздің қоржынында 100 баллдан бар-жоғы 36 балл бар, бұл Қазақстанды рейтингке қатысатын 180 мемлекет пен аумақтың ішінен 101-орынға қояды. Яғни, Қазақстанның Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі позициясы жақсарған жоқ, керісінше артқа жылжыды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың сапасы мен тұрақтылығы осы рейтинг ғана емес, көптеген басқа индикаторлар арқылы бағаланып жүр, дегенмен мұндай реформаға қатысушылардың көпшілігі үшін дәл осы индекс прогресстің, регресс немесе тоқыраудың негізгі көрсеткіші болып қала береді. Одан бөлек, осы индексте елдің рейтингінің көтерілуі – Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының табысты әрі тиімді іске асып жатқанының басты индикаторы. 2026 жылға дейін еліміздің Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі ұпайы 47 балдан төмен болмауы тиіс.