Комплаенс-офицерлер өз құзыретін қалай және қайда көтере алады?  

Қазақстанда комплаенс-офицер мамандығы квазимемлекеттік сектор компаниялары мен ұйымдарында коррупцияға қарсы комплаенс-функциясы міндеттеліп енгізілген сәттен бастап сұранысқа ие болды.

Қазақстанда мұндай кәсіпорындардың саны 6 000-нан асады, демек қазіргі уақытта еңбек нарығында білікті комплаенс-офицерлердің қаншалықты тапшы екенін түсіну қиын емес. Бұл ретте университеттер комплаенс-офицер даярлаудың академиялық бағдарламасын енді ғана енгізе бастады. 

Комплаенс қызметкерлері қалай білім алып, өз құзыретін арттыра алады? Бірінші жол – қазақстандық немесе шетел университетінде академиялық курстан өту және академиялық дәреже алу. Екінші жол – дайындалып, әртүрлі салалық қауымдастықтарда сынақ тапсыру немесе белгілі бір тақырып бойынша курстан өту және сертификат алу.

Бүкіл әлем бойынша комплаенс-офицер даярлау мен біліктілігін арттырудың ең танымал бағдарламаларының бірі – IACA, яғни Халықаралық коррупцияға қарсы академиядағы IMACC (International Master in Anti-Corruption Compliance and Collective Action). Қазақстан университеттерінде комплаенс саласында бакалавр даярлау бағдарламалары ашылып, жұмыс істеп жатыр және комплаенсті оқыту басқа академиялық бағдарламалар бойынша маман даярлаудың бір бөлігіне айналып келеді.

Егер академиялық дәреже алудың қажеті болмаса, сыбайлас жемқорлықпен күрес және комплаенстің жекелеген мәселелері бойынша қосымша ақпарат және (немесе) арнайы білім ғана талап етілсе, онда бүкіл әлемде қолданылатын комплаенс-офицерлерді сертификаттаудың арнайы рәсімдеріне жүгінуге болады.

Комплаенс-офицерлерге арналған ең танымал кәсіби емтихан (және оған дайындық) екі қауымдастықта әзірленіп, енгізілген, олар – Алаяқтықты тергеу саласында сертификатталған мамандар қауымдастығы (ACFE) және ICA біліктілігі (The International Compliance Association).

Алаяқтықты тергеу саласында сертификатталған мамандар қауымдастығында (ACFE) алаяқтыққа қарсы тренингтен өтіп, соның арқасында алаяқтарды және олардың ұдайы дамып, жетіліп отыратын схемаларының алдын алыңыз. Курстың интерактивті (жеке немесе онлайн) болғанын қалайсыз ба немесе қалауыңызға қарай икемделгені дұрыс па – қалай болғанда да ACFE алаяқтыққа қарсы ең үздік қолжетімді оқытуды ұсынады: онлайн тренингтер мен вебинарлар, электронды кітаптар және басқа да білім беру өнімдері бар. ACFE білім өнімдерін мына сілтемеден таба аласыз: https://www.acfe.com/training-events-and-products

ICA-да әртүрлі курстар және комплаенс мамандарын даярлаудың бірнеше деңгейі бар – қарапайымнан күрделіге дейін, бастапқы жалпы білімнен арнаулы мағлұматқа дейін. Онлайн оқытуға арналған өте сапалы және сұранысқа ие өнімдермен мына сілтемеде танысуға болады: https://www.int-comp.org/landing-pages/ica-learning/