Комплаенс-функцияның элементтерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды жүзеге асырып жатқан компаниялар мен ұйымдардың қызметкерлерін оқыту.
Алайда бұл процесті қалай тиімді етуге болады? Бізде мынадай 5 идея бар:
Үйреншікті әрі дәстүрлі face–to–face дәрістің орнына онлайн оқытуды пайдаланып көріңіз. Онлайн оқыту деп тек вебинар ғана емес, сонымен қатар LMS (Learning Management System) сервистерін қолдана отырып оқытуды айтамыз – олар қажетті тренингті жедел әзірлеуге, кез келген өңірдегі қызметкерлерді және саны қаншау болса да толық қамтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ қызметкерлердің тренингтен қалай өткенін көрсететін мониторинг жүйесі бар.
Оқу материалдары мен тренингтерді күрделілігіне және ерекшелігіне қарай бөліңіз. Әлбетте, жаңадан келген қызметкерлер мен бұрыннан істеп келе жатқандар білім алу кезінде әртүрлі тақырыпты және күрделілігі әрқилы материалдарды қажет етеді. Басшылар мен топ-менеджментке қарапайым қызметкерлерге қарағанда өзіне тән ерекше оқыту қажет болады. Өндірістік және әкімшілік бөлімше қызметкерлерін оқытатын кезде де тақырып таңдауда және жаңа нәрсе үйретуде өзгеше әдіс-тәсіл керек болады.
Оқыту кезінде өз кейстеріңізді қолданыңыз. Өз компанияңызда болған сыбайлас жемқорлық фактілерінің бәрін немесе көпшілігін білетін шығарсыз. Қызметкерлерді оқыту барысында практикалық кейс ретінде осыларды пайдаланыңыз.
Қызметкерлердің компанияңыздағы коррупцияға қарсы бағдарламадан қаншалықты хабардар екенін бағалау үшін тестілеу мен сауалнаманы жиі жүргізіңіз. Тест және сауалнама нәтижесі – қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуда қандай прогресс бар екенін түсіну үшін тамаша сапалық және сандық көрсеткіш.
Қызметкерлерді оқыту жоспарын қайта қараңыз. Икемді болыңыз, кез келген сыртқы өзгерістерге – жаңа заңнамаға немесе қолданыстағы НҚА-ның өзгеруіне қарай әрекет етіңіз, мысалы, ішкі факторларды – мүдделер қақтығысын, сыбайлас жемқорлық фактілерін және т. б. ескеруді ұмытпаңыз.
Креативті болыңыз, қызметкерлерді компания немесе ұйымдағы коррупцияға қарсы бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға көмектесетін жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге ынталандырыңыз!